Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Ермек Сағымбаев қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдер туралы баяндады. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік органдарын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде есеп берді. Комитет төрағасы халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы да жеткізді. Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

