Виза қажет емес: Қазақстан Израильмен келісім жасады
Енді Израильге барғысы келетін Қазақстан азаматтары үшін кедергі жоқ. Яғни,
қос елдің Сыртқы істер министрлері - Гидеон Саар мен Ермек Көшербаев визасыз
режим туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, мұнда да екі жақты
сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды. 2025 жылдың
қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162 млн
долларды құраған. Соңғы 20 жылда Израильден Қазақстан экономикасына 500 млн
долларға жуық инвестиция тартылыпты. Министр Гидеон Саармен бірге 30-ға жуық
Израиль бизнесінің өкілдері де келген. Олар бизнес форум аясында кездесіп,
түрлі келісімдер жасап жатыр.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Біз визалық талаптарды алып тастауға бағытталған ниет
туралы меморандумға қол қойдық. Бұл шешім азаматтардың еркін қозғалысына,
туризмнің дамуына және іскерлік байланыстардың кеңеюіне мүмкіндік береді.
Гидеон Саар, Израиль Сыртқы істер министрі:
- Біз Қазақстанмен экономикалық серіктестікті тереңдетуге
мүдделіміз. Израиль су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және жоғары
технологиялар салаларындағы тәжірибесін Қазақстанмен бөлісуге дайын.

