Астанаға шетелден келетіндер көбейген
Жыл басынан бері Астанаға 300 мың турист келіпті. Ал былтыр 1 млн 300 мыңнан астам адам саяхаттаған. Олардың көбі – ресейліктер. 130 мыңдай адам. Сондай-ақ, бас қаламызға қытайлар, түріктер, немістер мен өзбек ағайын көп аялдайды. Нақтырақ айтсақ, бір жылда Қытайдан 19 мың, Түркиядан 12 мың, Германиядан 10 мың, Өзбекстаннан 8 мың турист келген. Олардың көбі іскерлік іс-шараларды көздеп келеді. Бірақ соңғы жылдары ем іздеп келетіндер көбейіпті.

