Жаңартылған Конституция түбегейлі өзгерістерді бастап берді

Жаңартылған Конституция түбегейлі өзгерістерді бастап берді

«Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы бастаманы қолдады. Соның нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бірі өзгерді». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграмдағы арнасында осылай деп жазды. Ол жазбасында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың аралас жүйесі енгізілгенін, әйелдер мен жастарға 30 пайыз квота белгіленгенін, партияларды тіркеу рәсімі жеңілдегенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент өкілеттілігінің жеті жылдық бір ғана мерзіммен шектелуі маңызды жаңалықтың бірі болғанына тоқталды. «Жаңартылған Конституция ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын түбегейлі өзгерістерді бастап берді» деп жазды Ерлан Қарин.