Қазақстанда креативті индустрияны дамытудың бағыттары айқындалады
Гүлісхан Нахбаева, ҚР Мәдениет және
ақпарат министрлігінің департамент директоры
– Келесі жылға дейін креативті индустрияны
дамытудың жаңа концепциясын жасауды көздеп отырмыз. Оның ішінде қысқа және ұзақ
мерзімдерді қамтитын стратегиялық жоспарларды анықтап, сол жоспарда өңірлік
ерекшеліктерді де қамтымақпыз. Жоспар ішінде сатылы түрде әр қадамымыз жазылып,
белгіленеді. Биыл біз жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен форум өткізуді
жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, мемлекет басшысын креативті индустрия
саласының жетістіктері және әлеуетімен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл
саланың дамуына зор серпіліс береді. Сондай-ақ, Қазақстан мен қырғызстан
арасында бірлескен «Бір туған фест» форумын өткіземіз.

