«Хроникадан – болашаққа»: деректі фильмдер апталығы өтті
«Құлалы аралындағы адам» және «Travel Kazakhstan» – Ақтауда. «Хроникадан – болашаққа» республикалық кинолекторийі аясында осындай екі деректі фильм көрсетілді. Туындыны тамашалауға көп адам келген. Көрермендер, әсіресе, «Құлалы аралындағы адам» фильмінен ерекше әсер алғандарын айтып жатты. Бұл деректі туындыда Каспий теңізіндегі Құлалы аралында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан гидрометеостанция басшысы Петр Лупенковтың тағдыры туралы баяндалады. Ол нағыз өз еңбегін сүйетін, кез келген қиындыққа мойымайтын әрі табиғатқа шексіз жаны ашитын адам. Шара Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

