«Таза Қазақстан» республикалық акциясына қала тұрғындары жаппай қатысты

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала тұрғындары жаппай қатысты. Тазалық жұмыстары миллион тұрғыны бар қаланың 5 ауданында жүргізілген.

Экологиялық акцияға қала тұрғындары тайлы тұяғымен түгел қатысты. Жұрт таң сәріден аллеялар мен скверларды, көшелер мен аулаларды тазалап, талдардың түбін актеді, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды сырлады. Шағын аудандардағы гүлзарлар мен жолдар тазаланды.