Екі медициналық университеттің атауы өзгереді

Екі медициналық университеттің атауы өзгереді

Қарағанды медициналық университетіне Петр Моисеевич Поспеловтің есімі беріледі. Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады. Петр Поспелов оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған білікті дәрігер. Мұндай шешім Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында қабылданып отыр. Бұл тарихи әділеттілік,-деді Президент. Бұдан бөлек, Астана медициналық университетіне Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімі беріледі.