Президент Бельгия Премьер-министрімен кездесті

Президент Бельгия Премьер-министрімен кездесті

Бельгия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі. Аталған елдің Премьер-министрімен кездескен Мемлекет басшысы осылай деді. Бельгия Қазақстан экономикасына 20 жылда 15 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Ал, былтыр арадағы сауда көлемі 580 млн доллардан асқан. Қазір елде Бельгия капиталы бар 110-нан астам компания табысты еңбек етіп келеді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Барт де Веверді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.