Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау 30% артты

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау көрсеткіші 30%-ға артты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде мұндай дерттертің жиі кездесетін түрлері – өкпе, сүт безі, асқазан, жатыр мойны мен тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі. Мамандардың сөзінше, соңғысы ерте бастан анықталған жағдайда, сырқаттың толық жазылуы мүмкін. Бұл ретте Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық зертханасында мамандар қатерлі ісікті скринигтеуге қатысы ғылыми жобаны жүзеге асырып жатқанын айта кету керек.

Гүлжан Керімбекова, Клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі:

-Бұл зертханалық әдіс. Яғни, биоматериалдың үш зертханалық маркерінне сараптау жүргіземіз. Осы үлгілерді зерттеу арқылы ішектің қабынуын, онда қатерлі ісік жасушаларының пайда болу дәрежесін көреміз. Бұл қанатқақты бастама. Біз осы пилоттық жобаның елімізде ұлттық бағдарлама ретінде жүзеге асырылғанын қалаймыз. Алайда, ол үшін бүкіл Қазақстанды қайта зерделеу керек. Оның басқа аймақтарда қаншалықты тиімді, қаншалықты қажет екенін бағалап алу керек. Соған сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігіне бұл жобаны барлық өңірлерге ендіруге қатысты ұсыныс жасай аламыз. 

Зертханада мамандар күн сайын мыңға жуық түрлі диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Оның нәтижелері орталықтың клиникалық дәрігерлеріне беріледі. Зертханашылардың жұмысы асқан дәлдік пен мейлінше мұқият болуды талап етеді. Әр минут қымбат.

Гүлжан Керімбекова, Клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі:

-Біз 30 минуттың ішінде шығатын шұғыл нәтижелерді, яғни тез арада жасалатын сынақтар жүргіземіз. Сонымен қатар, жеделдікті қажет етпейтін жоспарланған сынақтар бар. Мұндай сараптаманың нәтижесін 2 сағатқа жеткізбей шығарамыз. Тиісінше, ең ұзақ талдау морфологиялық. Яғни сүйек кемігін зерттеу қажет.  Ондай сынаққа орта есеппен 2 сағат уақыт жұмсалады.

Биыл онкологиялық орталықтың іргесі айтарлықтай кеңейеді. Қатерлі ісікті зерттеудің жаңа зертханалық әдістерінің ауқымын ұлғайту жоспарлануда. Нәтижесінде радионуклоидты диагностикаға арналған төл фармацевтикалық препараттар шығару көзделіп отыр. Ал олардың көмегімен Орталық Азияда алғаш рет науқастарға қатерлі ісікке шалдыққан жасушаларды емдеуге арнайы терапия жүргізіледі.

 

Тасболат Әділханов, Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкохирургия бойынша бас кеңесшісі:

-Осы озық технологияларды қолдану арқылы емдеудің басқа түрлеріне көнбейтін күрделі ісіктерді емдеуге болады. Мәселен, саркома және басқа да бірқатар патологиялардың шипасын табуға болады.  Бұл орталық осы жағынан да ерекше болмақ. Мұнда сонымен қатар 4 жаңа үдеткіш орнату жоспарлануда. Соның ішінде киберпышақ деген жаңа әдіс қолданылмақ. Ол қатерлі ісікті жою үшін қашықтықтан сәулелендіру жүргізуге арналған.

Бұл ретте Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық медициналық қызметтердің кең ауқымын көрсететінін айта кету керек. Мұнда қазақстаннандықтармен қатар ТМД елдерінен де жанына дауа, дертіне шипа іздеп келетіндер аз емес.  Жыл сайын 11 мыңнан астам науқас емделеді. Көп бейінді клиникада жылына 7 мыңнан астам ота жасалады. Оның ішінде аз инвазивті, мүшелерді сақтайтын оталар және трансплантология бар. Бұл елде сүйек кемігін трансплантациялау бойынша жалғыз орталық. Өткен жылы осындай 70-тен астам хирургиялық операция жасалды.