Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы маусым айында ашылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 87% аяқталды. Жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.  Атап айтқанда, бұл жолаушылар ағынын еселей түсуге, ұшу географиясын кеңейтуге, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы өткен жылы Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Бұл ретте жаңа және қолданыстағы терминалдардың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді деп күтілуде. Ал әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін Премьер-Министр мен TAV Airports Holding компаниясының президенті талқылады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мегаполистегі әуе айлағы толыққанды мультимодальды көлік-логистикалық хаб ретінде дамуы керек екенін атап өтті. Өз кезегінде инвестор алдағы жоспарларында мұны ескеруі тиіс.