Президент отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

Президент отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады. Үкімет басшысының жаңа бірінші орынбасары Президентке өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері туралы есеп берді.   Сондай-ақ, ол қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоспарын айтты. Әрі, көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа мүшесіне міндеті бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне 6 мамырда тағайындалған. Ал оның орнына Сыр өңірін басқаруға мәжіліс депутаты  болған Мұрат Ергешбаев әкім боп барды.