Мереке күндері қолайсыз ауа райы күтіледі
Мереке күндері ел аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді. Иә, табиғаттың тарпаң мінезі астаналықтарды әбден әбігерге салды. Таңда жаңбыр жауып, қар еріді. Артынша жаяу жүргіншілер жолы мен асфальт айнадай жылтырады. Полиция департаментінің дерегінше, бүгін 100-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райы кезінде аса қажет болмаса көшеге шықпауды, жолда жылдамдық режимін, арақашықтықты қатаң сақтауды, алыс аймаққа жол жүрмеуді ұсынды. Айта кетейік, Астанада көктайғақ кесірінен 1 адам қаза тапты.
Аружан Мұратова,
Қазгидромет РМК баспасөз хатшысы:
- Республика бойынша
желдің екпіні көтеріледі. 30 желтоқсанында елдің Оңтүстігі мен Солтүстігінде,
30-31 желтоқсанда ауа температурасы күндіз 2 градус аяздан, 3 градус жылуға
дейін көтеріледі.

