Қазақстан 78 мемлекетке визасыз бара алады
Қазақстанның әлемдік
паспорт рейтингідегі орыны анықталды. Халықаралық Henley Passport Index кезекті
зерттеу қорытындысын жариялап отыр. Онда қазақтың көк пасторы 78 елге визасыз
кіруге мүмкіндігімен 61 орынға жазғасыпты. Былтыр 66-шы болған. Орталық Азияның
өзге 4 мемлкеті бізден кейінгі орындарда. Henley Passport Index зерттеуін соңғы
20 жылдан бері жүргізеді. Оған 227 түристтік бағыт бойынша 199 паспорт алынған.
Ең ашық паспорттар көшін Сингапур бастайды. Бұл елдің азаматтары 192 елге
визасыз кіре алады. Одан кейінгі орында Жапония мен Оңтүстік Корея, үздік
үштікті Испания, Швеция, Швейцария түйіндейді. Рейтингтің ең соңында Иран,
Сирия және Ауғанстан тұр. Небәрі 26 елге визасы бар.

