Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына дайындық басталды

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына дайындық басталды

Қазақстанда Қытайдағы туризм жылына дайындық басталды. Бүгінде тұжырымдама мен іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол 25-тен астам түрлі іс-шаралардан тұрады. Атап айтқанда ірі жәрмеңкелер мен көрмелер бар. Шараның  ресми ашылу салтанаты наурыз айының соңына жоспарланған. Ол Бейжіңде өтеді.

 

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары

- Бұл экологиялық немесе танымдық-мәдени туризмнен бастап ғарыш туризміне дейінгі тақырыптық апталықтарды қамтиды. Яғни барлық өңірлер қатысады. Жібек Жолы апталығына арнайы назар аударылады, онда көне қалаларды көрсету жоспарланған. Мысалы, Сианьннан Түркістанға дейін. Бұл өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеген бағыттар. Өйткені әрбір өңір немесе аймақтар аспан асты елі  азаматтарына нақты туристік өнімдерді ұсынғысы келеді.

Көрмелерден бөлек жыл бойы іскерлік шаралар да өткізіледі. В2В  кездесулер мен тұсаукесерлерде отандық туроператорлар Аспан асты елінің әріптестерімен байланыс орната алады. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2023 жылдың тек 9 айында Қазақстанға 200 мыңнан астам қытайлық турист келген. Ал визасыз режимнің енгізілуімен және тікелей рейстер санының ұлғаюымен саяхатшылар саны арта түседі деп күтілуде. Айта кетейік Қазақстандық туризм жылының жабылуы желтоқсан айында Алматыда өткізіледі деп жоспарланған.