Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрбан айт - әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең. Қазақстандықтарды қасиетті мерекемен құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты. Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты-ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз» Президенттің құттықтауында.