«Қазжол» ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 65 жыл толды
Астанада Орта Азия елдерінің басын біріктірген «Болашақ жолдар» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Шара Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған. Мерейтой қарсаңында «Kaztraffic-2024» көрмесі ұйымдастырылып, салаға енгізілген жаңа технологиялар таныстырылды.