Трамп Зеленскийден бейбіт келісім туралы хат алғанын мәлімдеді

Трамп Зеленскийден бейбіт келісім туралы хат алғанын мәлімдеді

Дональд Трамп Украина Президенті Владимир Зеленскийден бейбіт келісім жасасу туралы хат алғанын мәлімдеді. Онда «Украина мәмілеге келу үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын» деп жазылған. Трамптың айтуынша, Ресей тарапы да келісімге келуге бейіл. АҚШ Президенті бұл ретте Ресеймен телефон арқылы бірқатар келіссөз жүргізгенін жеткізді. Еске салсақ, Зеленский Вашингтондағы сәтсіз кездесуден кейін соғысты тоқтату үшін Трамппен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтып, бітімге келу жоспарын ұсынған еді. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатқанынан бірнеше сағат өткен соң жасалды.