Каспий жағасынан итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағасынан итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағалауынан тағы да жүз шақты итбалықтың өлексесі табылды. Бұл жайында Түпқараған ауданының Баутин, Асан ауылдарының тұрғындары  хабарлаған. Соған байланысты облыстық экология департаменті мен балық инспекциясы бірге мониторинг жасады. Теңіз суының сынамаларын алды. Экологтар талдау нәтижелері шыққан соң, қосымша ақпарат беріледі деп отыр. Ал аудандық аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.