Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні

Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні

Қазақстанның дипломатиялық қызметі күні 1992 жылы Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің мәртебесін айқындаған тарихи жарлықтарға негізделіп, 2009 жылы белгіленді. Кезінде сыртқы саясатқа жауапты ведомствода 20-дан астам маман еңбек етсе, қазір олардың саны 1400-ден асты. Осы уақыт аралығында Қазақстан екі жүзге жуық мемлекетпен сенімді қарым-қатынас орнатты. Бейбітшілікті ту еткен бастамаларды халықаралық аренада көтерді.