Автокөлік саласының мамандары даярланады
Қостанайдағы Автомобиль көлігі колледжі KIA компаниясымен меморандумға қол қойды. Енді білім мекемесі автомобиль құрастыру саласына қажетті мамандарды оқытып, даярлайды.
Қазір өңірде ірі зауыт салынып жатыр. Өндіріс ошағы келер жылы іске қосылады деп күтіліп отыр.
Қостанай болашақта еліміздегі автокөлік құрастыратын ірі орталыққа айналмақ. Индустралды аймақтың бұл бағытта әлеуеті зор. Жыл сайын мыңдаған көліктер шығарылады. Заманауи жеңіл машиналар мен автобустар, ауылшаруашылық техникалар мен қосалқы бөлшектер де өндіріледі. Қазір өңірде KIA зауытының құрылысы жүріп жатыр. Осы орайда кореялық алпауыт компания өкілдері Қостанайға келіп, қаладағы Автомобиль көлігі колледжімен меморандумға отырды.

