АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алады

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алады

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер телімін жалға алады. Бүгін Сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Бұл жерге АҚШ Үкіметі жаңа консулдық мекеме ғимараттарын салуды жоспарлап отыр. Жер көлемі 70 мың шаршы метрден асады. Жалдау ақысы 25 миллион доллар және бұл сома келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде бірден төленеді. Сенаторлар бұл шешім халықаралық дипломатиялық тәжірибеге толықтай сай келеді,-дейді. Әрі халықаралық тәжірибеде мұндай жайттар жиі кездеседі. Айта кетейік, АҚШ Үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа қатысты барлық салық пен басқа да төлемдердер босатылады. Ал ғимараттың құрылысына, оның күтімі мен жөндеуіне, коммуналдық қызметіне қатысты барлық шығын АҚШ Үкіметінің мойнында.