Шетелде жүріп сотталған 160 азамат елге қайтарылған

Шетелде жүріп сотталған 160 азамат елге қайтарылған

Шетелде қылмыс жасаған қазақстандық азаматтар жазасын елге келіп өтейді. Сенат Марокко аумағында жасырынған күдіктілерді ұстау тәртібін мақұлдады. Құжат тараптардың сұрау салуы негізінде іздестіріліп жатқан кез келген адамды ұстап беру тәртібін айқындайды. Сондай-ақ, жоғарғы палата депутаттары екі ел арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді де талқыға салды. Келісім аясында тараптар адамдарды жазасын өз елінде одан әрі өтеу үшін беруге міндеттеледі. Құжат мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастық нығайтады,-дейді депутаттар. Бүгінде Қазақстан 25 мемлекетпен осындай халықаралық шарттар жасаған. Сол шарттардың негізінде соңғы бес жыл ішінде 160 Қазақстан азаматы елге қайтарылыпты. 1 мыңға жуық отандасымыз шетелде жазасын өтеп жатыр екен.