Қазақстан - Нидерланд іскерлік кеңесінің ІІ отырысы
Қазақстанның Нидерланд еліне жасаған экспорты - 6 млрд доллардан асқан. Бұл жайында бүгін екі елдің іскерлік кеңесінің ІІ отырысында айтылды. Өзара тауар айналымы айтарлықтай артып келеді. Біздің елден олар мұнай мен титан алдыртады. Ал Нидерландтан елімізге медициналық құрал-жабдықтар, техника, ауыл шаруашылығы өнімдері және дәрі-дәрмек импортталады. Сондай-ақ ол біздегі ең ірі инвестор саналады. Мысалы, олар 20 жыл ішінде 125 млрд доллар көлемінде инвестиция жасапты. Қазір бұл елдің бізде 700-дей компаниясы жұмыс істейді. Сарапшылардың айтуынша, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы әріптестік алдағы уақытта да кеңейе түспек.

