16 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады
Биыл Ақмола облысында 16 ауылды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланған. Ол үшін қазынадан 10 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 4 елдімекенде жұмыстар аяқталды. Қалғаны жыл соңына дейін іске асады.
Таза ауыз сумен Ақкөл ауданында бірден екі елдімекен қамтылды. Кеңес және Домбыралы ауылдарында 1300 адам тұрады. Тіршілік нәрі екі ауылдағы 400 үйге жеткізілген.
Сондай-ақ, су құбырлары да жаңадан салынды. Бұл аумақта
әрқайсы 100 текше метр болатын екі резервуар бар. Жалпы биыл облыста сумен қамту
және тарту бойынша 32 миллирад теңгеге 68 жоба жүзеге асып жатыр. Оның 30-ы
биыл орындалса, қалғаны келесі жылы аяқталады.

