Уақыт белдеуін ауыстыру Қазақстандағы бизнеске қалай әсер етеді?

Уақыт белдеуін ауыстыру Қазақстандағы бизнеске қалай әсер етеді?

Қазақстандықтар 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай сағат белдеуіне ауысады. Бүкіл ел аумағында 5-і сағат белдеуі орнайды. Түнгі сағат 00:00-де қалалар мен өңірлердің басым көпшілігі сағат тілдерін кері шегереді. Дегенмен, бұл Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарына қатысты емес. Аталған өңірлердегі уақыт белдеуі осы стандартқа сай келеді. Ұлттық экономика министрлігі бұл шара отандық бизнеске ешқандай кері әсерін тигізбейді деп сендірді. Керісінше, кәсіпкерлер ұзақ мерзімді пайдаға кенеледі. Ведомствода бұл шара бүкіл ел аумағында мемлекеттік қызметтердің енді бір уақытта жүргізілетінімен түсіндірді.