Референдумды 359 халықаралық бақылаушы қадағалайды
Референдум кезінде
науқанның ашықтығы мен әділдігін әлемнің 38 мемлекетінен 133, 11 халықаралық
ұйымнан 226 бақылаушы қадағалайды. Олардың алғашқы легі елге келе бастады.
Арасында бұған дейін Қазақстандағы сайлау мен референдумды бақылаған тәжірибелі
сарапшылар бар. Олар жаңа Конституция жобасын үлкен әлеуетке ие екенін атап
өтті. Жалпы, мұндай саяси науқанға халықаралық бақылаушылардың қатысуы елдің
жаһандық міндеттемелерге бейімділігін, халықаралық ұйымдармен, шет
мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты ілгерілетуге үлес
қосады.
Альберто Туркстра,
Халықаралық бақылаушы (Бельгия):
- Соңғы бірнеше аптада біз
Брюссельде бірнеше іс-шара ұйымдастырып, жұртшылыққа конституциялық реформалар
туралы ақпарат бердік. Жаңа Конституция жобасының мақсаты — Қазақстанның
мемлекеттік институттарын берік әрі тиімді ету, азаматтарға көрсетілетін қызмет
сапасын жақсарту, және мемлекеттік органдарды халықтың қазіргі қажеттіліктеріне
көбірек жауап беретіндей ету.
Уэсли Александер Хилл,
Халықаралық бақылаушы (АҚШ):
- Бұған дейін мен 2023 жылы болған
Қазақстандағы парламенттік сайлауда бақылаушы болдым. Сондай-ақ Еуразия
елдерінде, Африка мемлекеттерінде, Латын Америкасында және АҚШ-та да бақылаушы
қызметін атқардым. Мен кез келген сайлауды бақылағанда, ең алдымен адамдарды
дауыс беруге не ынталандыратынына назар аударамын.

