Қазақстандық мобилографтар New York Film академиясында оқудан өтті

Республикалық мобилография фестивалінің 20 финалисті АҚШ-тың жоғары оқу орнында білімдерін шыңдауға мүмкін алды. Нью-Йорк фильм академиясында қазақстандықтар смартфондарға түсіру процесінің технологиясын зерттеді, атап айтқанда, қазіргі заманғы «тік» кино шығармашылығының барлық нюанстарын үйренді. Оның үстіне Лос-Анджелесте әлемдік кинематографияның метрлері қызықты оқиғаларды бейнелеудің де, оларды монтаждаудың да кәсіби стандарттарымен бөлісті.  Айта кетейік, отандық мобилографтар «Dara» президенттік бастамалар қорының арқасында оқудан өтті. Қазақстандықтар алған тәжірибесі және бағдарламасы туралы сұхбатта айтып берді.

Мырзаек Қуатбай, мобилограф:

-Жалпы біз осы NYFA-да бір апта білім алдық. Бір апталық білімнің ішінде біз теорияны үйрендік, теорияның ішінде көптеген фильмэйкинг саласындағы жаңа қабілеттерді игердік. Бесінші күні теория жүзінде игерген білімімізді практика жүзінде қолданып, өзіміздің фильмімізді жасап шықтық. Процесс өте керемет өтті.

Сапарбек Жақсылық, мобилограф:

ұл біз үшін, жеке мен үшін қызықты тәжірибе болды. Себебі голивудтік кинолардың түсірілім алаңында біз де өзіміздің киномызды түсірдік. Келесі күні сол түсірілген материалды монтаж күніне арнаған болатынбыз. Монтаж да ерекше, басқа жұмыс аймағы. Барлығымыз жаңадан жасалған техникалық компьютерлермен монтаждаған болатынбыз. Ол жерде де білікті мамандар қасымызда көрсетіп, көмектескен болатын.