Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Жетісу облысында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша нақты 9 күдікті бар. Оның ішінде бір жасөспірім ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталған. Бірақ, процесс барысында басты күдіктілердің бірі ретінде танылған Абзал Шынасыл айыптау актісінің көшірмесін қолына алғанын, бірақ сотқа толық дайын емес екенін жеткізді. Жалпы, күдіктілерге бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Айта кетейік, 10 сәуір күні Талдықорғанда Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау өткен еді. Алайда айыпталушылар алқабилер сотынан бас тартты.

