Made in KZ - бізде де өндірілетін тауар көп
Астанада отандық кәсіпкерлердің әлеуетін паш ететін ең ауқымды алаңның бірі – «Ulttyq ónim» көрмесі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық аймсағынан 350-ге жуық өндіріс өз тауарларын қойған. Азық-түлік пен зергерлік бұйымдардан бастап, тұрмыстық техника мен машинаға дейін бар. Көрмені тамашалай келген Ұлттық экономика министрі Made in KZ маркасымен жасалған жейде сатып алды.

