Ипотеканың шекті мөлшерлемесі өзгереді
Шілдеден бастап екінші деңгейлі банктерден ипотека рәсімдеу кезіндегі жылдық пайыз 25-тен 20 пайызға дейін төмендетіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп осындай қаулы шығарды. Демек, қазақстандықтар үшін баспананы несиеге алу тиімдірек бола ма? Жеке банктер мұндай шартпен жұмыс істеуге дайын ба? Ең бастысы, бұл тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді?

