Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі

Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі

Қытай Қазақстаннан неғұрлым көп ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға мүдделі. Өз кезегінде, Аспан асты еліне Қазақстан жыл сайын кемінде 2 млн тонна дәнді дақылдар, мал мен құс еті, сорпа өнімі, қызылша мен картоп тасымалдауға әзір. Қытай нарығының көлемін есепке алсақ, еліміз агроөнеркәсіптік кешенінің өнімдерін үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік бар. Салалық ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстан Аспан Асты еліне экспорттаған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 1 млрд долларға бағаланады. Сарапшылардың пікірінше, қытайлықтар арасында отандық экологиялық таза әрі табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері танымал болғандықтан, сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Одан бөлек, Қытай агроөнеркәсіптік кешенде өзара әріптестік орнату үшін бірлескен комитет құруды ұсынып отыр. Ол тұғырнама ауыл шаруашылығы саласында тұрақты түрде бірлескен сапарлар жасауға, қос тараптың жауапты мамандары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның жарғысы дайын. Өз кезегінде Қытай ШЫҰ мүше елдердің министрлерінің кеңесінде оған қол қоюға ұсыныс білдірген. Шара елімізде мамыр айында өткізілмек. Одан бөлек, ҚХР еліміздің солтүстігінде жаңа технологияларға негізделген ет комбинатын салуға ниет білдірді.