Түркі әлемінің бірлігі нығаяды
Түркі әлемінде жан-жақты қарым-қатынас нығайтылады. Сенат Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құруға қатысты Нахчыван келісімі туралы Заңды мақұлдады. Хаттамаға 2022 жылғы 11-ші қарашада Самарқанда өткен саммитте Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған. Ал Әзербайжан мен Түркия тиісті хаттаманы ратификациялаған. Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосуда.

