18 заңға түзету енгізіледі

18 заңға түзету енгізіледі

Жаңа Конституция талаптарына сәйкес тағы 18 заңға түзету енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Аида Балаева мәлімдеді. Өзгерістердің ішінде «Неке және отбасы туралы» кодексі де бар. Енді неке тек ғана ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені нақты норма ретінде енгізіледі. Яғни, дәстүрлі емес отбасы типтеріне заң рұқсат бермейді. Бұл конституциялық қағиданы салалық заңнамада толық бекітуге бағытталған.