Париж-2024 Олимпиадасына 7 күн қалды

Париж-2024 Олимпиадасына 7 күн қалды

Енді 7 күннен соң әлем назары Франция астанасына ауады. Парижде төрт жылда бір келетін олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам атлет спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Әрине, олардың әрқайсысы жеңіс тұғырынан көрінуге дәмелі. Бірақ, спорт сарапшылар былғары қолғап шеберлеріне үміт артамыз,-дейді. Себебі, спорттың дәл осы түрінен Қазақстан қоржынында 10 лицензия бар.

Еске салайық, Париждегі байрақты бәсекені Жібек жолы арнасынан да көре аласыздар.

Рауан Оқасов, спорт комментаторы:

– Боксшыларымыздан үлкен үміт күтеміз. Қазақстан бокс құрамасының сапында бізде екі олимпиада жүлдегері, 4 әлем чемпионы, 1 Азия чемпионы өнер көрсететінін айта кетуіміз керек. Яғни, өте мықты құраммен бара жатырмыз. Ең мықты құрам деп айтуға болады. Бұған дейінгі құрамдардан қарағанда. Және де біз міндетті түрде бір алтын күтеміз. Кім ібледі, мүмкін екі алтын алып кететін шығармыз. Бірақ, жалпы үш жүлде алады деген ойдамын.