«Бағанашыл» балалар үйіне Президент әкімшілігінің комиссиясы тексеру жүргізуді бастады

«Бағанашыл» балалар үйіне Президент әкімшілігінің комиссиясы тексеру жүргізуді бастады

«Бағанашыл» балалар үйіне толық тексеру жүргізіліп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматыға Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері келген. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында осындай ақпарды жариялады. Бүгін комиссия мүшелері студенттермен, мекеме басшылығы мен қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездескен. Балалар үйіндегі тұрмыстық және білім беру жағдайымен танысып, іргелес жатқан инфрақұрылым нысандарын аралап шыққан. Қазір көшу туралы шешімге қатысты құжаттар жинақталып, талданып жатыр. Балалар үйі тәрбиеленушілеріне қатысты заңнамада көзделген барлық әлеуметтік-құқықтық кепілдіктің сақталуына ерекше назар аударылатын болады. Тексеру қорытындысы қысқа мерзім ішінде жариялануы тиіс. Еске салайық, кеше Алматыда орналасқан облыстық Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына көшуге наразылық білдірген болатын. Арты полицияның қысым көрсетуіне дейін барған. Артынша бұл іске Президент араласып, балалар үйін толық көшірмейтін болған. Тек әкімдік ескі ғимаратқа жөндеу жүргізуі қажет.