Шағын бизнеске салықтық тексеру уақытша жүргізілмейді

Шағын бизнеске салықтық тексеру уақытша жүргізілмейді

Шағын бизнеске қатысты салықтық тексерулерге уақытша мораторий жариялануы мүмкін. Үкімет кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Яғни, Салық комитеті 1-қаңтарға дейінгі есептерді тексермейді. Сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі ескі қателіктер үшін айыппұл салмайды және ешбір кәсіпкерді сотқа бермейді. Дегенмен, егер кәсіпкерге қатысты құқық қорғау органдары іс қозғап қойса, жеңілдіктер қолданылмайды. Қосылған құн салығын қайтару қажет болса да тексеру жүргізіледі. Ірі мұнай-газ және кен компанияларына жеңілдік жүрмейді. Мемлекет бұл бастама арқылы кәсіпкерлікті қолдауды көздеп отыр. Негізгі мақсат биылдан бастап жаңа салық кодексімен «таза парақтан» жұмыс істеуге жағдай жасау. Бұған дейін Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық заңнамасын жетілдірудің маңызын атап өткен еді. Тапсырманың орындалуы бойынша түстен кейін Үкімет, Ұлттық банк және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.