Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарда бар – Премьер-министр

Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарда бар – Премьер-министр

Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу Үкіметтің 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасында бекітілген. Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат мәжілісмен Сүйіндік Алдашевтың депутаттық сауалына осындай жауап қайтарды. Қазір Үкімет кәсіпорынның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға кіріскен екен. Бірақ бұл - ұзақ мерзімді жоспар. Әрі қалталы инвестор қажет. Егер зауыт салынса, болашақта Маңғыстау авиациялық хабы құрылып, авиаотын тұтыну 15 мың тоннадан 120-130 мың тоннаға дейін артады. Жалпы, зауыттың жылдық қуаттылығы 5 млн тонна болады деп жоспарланған. Бұл Қазақстанды авиаотын импортына тәуелділіктен құтқаруы тиіс. Бүгінде елде үш мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ олардың авиаотын өндіру көлемі тым аз.