Нағыз қыс қашан келеді?
Әдетте осы уақытта әлемдегі ең суық қалалардың бірі саналатын қазақ астанасына суық келіп, қатты аяз тұратын. Бірақ биыл аяз тұрмақ, қылаулап жауған қардың өзі жоқ. Жер қара төң болып жатыр. Соның кесірінен вирустар да құтырды деп, ел-жұрт ауа райына қатты ренжулі. Дегенмен синоптиктер Астанаға қар желтоқсанның ортасында түседі деп сендіріп отыр.
Мақпал Рахат, Тілші:
- Әлемдегі ең су қалалар рейтингінде Астана 8-ші орында. Бірақ биылғы қыс бұған керісінше жағдайды көрсетіп отыр. Әдетте, 1 жетоқсанда Елорданы қалың қар басып, аяз тұратын. Ал бүгін температура +1-ді көрсетіп тұр. Бұған не себеп? Табиғаттың бұл өзгерісі уақытша құбылыс па, әлде жаһандық жылынудың әсерінен енді осы үрдіс сақтала ма?
Жағдай елдің басқа да аймақтарында дәл осындай. Мысалы, қазір күн райы Солтүстік пен Шығыс Қазақстанда +2, Алматыда +6, ал оңтүстік өңірде +10-ға дейін барады. Дегенмен, басқа елдерде де осылай.Мәселен, ең суық қала саналатын Якутскта желтоқсан айындағы орташа температура - 37 , ал Канаданың Снедж қаласында -20-ны көрсетіп тұр. Бұл жылдағыдан анағұрлым төмен. Мамандар бұған ғаламдық жылыну себеп дейді.
Ақнұр Тоқтарова, Казгидромет өкілі:
- Орташа айлық температура норма шамасында күтіледі. Батыста нормадан бір-екі градусқа жоғары. Ал елдің солтүстік-шығысында шамадан бір градус төмен күтіледі. Желтоқсанның он күндігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Батыста, Шығыста, Орталықта жауын шашын болады. Ал оңтүстікте жаңбыр түрінде.
Ал ғалымдар жаһандық жылынуға азамзаттың өзін айыптады. Егер 1870 жылдан бері есептесек, яғн өндірістік революзия басталғаны ауа райы 2 градусқа жылыныпты. Көмір мен көліктерден шыққан газ климаттық балансты өзгерткен. Кесірінен мұздықтарды ерітіп, ғаламдық жылынуға әкеледі. Соңғы 10 жылдағы статистика бойынша, жер бетіндегі орташа температура +0,36-ға өзгерген екен. Жаһандық жылынудың қатерінен қорғанып, әлем елдері 2015 жылы «Париж» келісімін жасаған. Осы ретте олар көмірқышқыл газының деңгейін 15 пайызға дейін азайтпақ. Дегенмен, эколог Вуджин Ли, бұл жолдағы қаржылай жауапкершіліктің жүгі ауыр дейді.
Вуджин Ли, NU профессоры:
- Негізгі мақсат – климатты сақтау жөніндегі бастамаларды қаржыландыру болатын. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық деңгейде анықталған үлестері туралы есептерін өткізулері тиіс. 2020 жылы іске асыру керек еді. Шындығында, олар бұл соманы тек 2022 жылы жинақтай алды. Яғни екі жылға кеш.
Күнмен жылынатын батареялар, жел қуатын пайдаланатын қондырғылар. Аталған қаржы қазіргі нано технологияларды қолдау үшін игерілуі керек. Бұл климатты сақтап қалуға сеп болады дейді мамандар. Сондықтан жаһандық жылынудың тоқтатудың бір жолы - жасыл энергияға көшу. Бірақ оған толық көшуге адамзат дайын емес.
Авторы: Мақпал Рахатқызы

