Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісі туралы пікір білдірді
Елордада Перизат Қайрат пен оның анасына
қатысты қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқыру дерегі бойынша сот процесі
жалғасып жатыр. Бүгін куәгерлерден жауап алынды. Аталған іс бойынша жәбірленуші
болып танылған блогер Олжас Садық куәлік берді. Ол Газа секторындағы
тұрғындарға көмек көрсету үшін қомақты қайырымдылық қаражатын жинағандардың
бірі болған. Блогердің айтуынша, оның жеке банк шотына 83 жарым миллион теңге
түскен. Бастапқыда ол жиналған қаражатты ЮНИСЕФ арқылы жіберуді жоспарлаған.
Алайда, көп ұзамай онымен Перизат Қайрат байланысқа шығып, сеніміне кіріп,
жиналған қаржыны иемденген көрінеді. Айтпақшы, осы атышулы іске қатысты Үкімет
отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектенов
пікір білдірді.

