Талғат Мұсабаев - қазақ рухын көкке көтерген ғарышкер

Талғат Мұсабаев - қазақ рухын көкке көтерген ғарышкер

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол алғаш рет тәуелсіз Қазақстан тарихында 1994 жылдың 1 шілдесінде «Союз ТМ-19» көліктік кемесінің борт инженері және «Мир» орбиталық кешенінің экипаж мүшесі ретінде ұшты. 1998 жылы қайта ғарышқа көтерілді. Осы жолғы миссия 29 қаңтардан 25 тамызға дейін жалғасты. Талғат Мұсабаев жеті рет ашық ғарышқа шығып, күрделі техникалық жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл қазақ ғарышкерлерінің арасында әлі күнге дейін үздік нәтиже. 2001 жылдың көктемінде Талғат Мұсабаев тағы да көкке көтерілді. Ғарыштық мансабындағы үшінші әрі соңғы миссиясында «Союз ТМ-32» кемесінің командирі ретінде Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алды. Ғарыштан кейінгі өмірі осы саламен тығыз байланысты болды. 2007 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды. Азаматтық авиацияда жастарды тәрбиеледі. 2017 жылдан 2023 жылға дейін Сенат депутаты болды.