Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бүгін мемлекет басшысы бірқатар заң жобасына қол қойды. Атап айтқанда, біріншісі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілген құжат. Оған сәйкес, енді электросамокат ресми көлік құралы ретінде танылып отыр. Оны басқару үшін міндетті түрде сақтандыру болуы керек, сондай-ақ жүргізуші 18 жастан асуы тиіс. Заң талаптары бұзылған жағдайда шеринг компаниялары 85 мыңнан 176 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар, осы заң аясында бетін бүркеп жүрген азаматтар да жауапкершілікке тартылады. Ал полицияның көмекшісі санатына теңестірілген қоғамдық бақылау жүргізушілердің құзыреті кеңейтіліп отыр. Екіншісі - архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша толықтырулар. Оған сәйкес, ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салған. Тағы бір заң - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы». Бұл құжат бойынша инвестициялар тартуды күшейтіліп, әкімшілік кедергілерге азайтылуы тиіс.