«Астана Опера» 2024 жылға жоспарларымен бөлісті

«Астана Опера» театры 2024 жылы ерекше гастрольдік бағдарлама дайындап жатыр. Елордалық театрдың балет труппасы Словенияға аттанбақ. Люблянадағы халықаралық фестивальде Елордалық әртістер Арам Хачатурянның аңызға айналған «Спартак» балетін ұсынады. Ал, опера труппасы ресейдің Үлкен театрында өнер көрсетеді. Жалпы, биыл «Астана Опера» театры Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасын көрсетуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» мен Джузеппе Вердидің «Риголетто» опералық спектакльдері де көрермен назарына ұсынылады.

Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» опера труппасының директоры

Бізде, әрине жоспар көп. Балеттік, опералық премьералардан бөлек, симфоникалық музыканы да ұсынбақпыз. Бізде Күләш Байсеитова атындағы камералық зал бар. Камералық залда да қойылымдар болады. Театр жанында жас опералық әншілерге арналған академия да бар. Ол халықаралық академияда спектакльдер, оның ішінде, премьералық спектакльдер болады. Біздің репертуарымыз көп. Әлемдік классика да, ұлттық опера-балеттер де бар.

Театр болашаққа жоспарлаған бірақ қазір де кіріскен басты жоспары – ұлттық өнерді дәріптеу. «Астана опера» заманауи контекстте орындай отыра, ұлттық құндылықтарымызға жаңа әуен енгізбек. Осылайша, оны көрерменге, әсіресе, шетелдік қонақтарға ұсыну мен әлемдік танымал театр сахналарында орындау жоспарлануда.

Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» опера труппасының директоры

Ұлттық опера – ол әрдайым керемет болады. Біз әлемдк классиканы жатқа білетін, көзін жұмып айта алатын, еуропалық көрерменге өзіміздің ұлттық спектакльдерімізді көрсеткіміз келеді. Барлық қазақ операларында балет сахналары міндетті түрде болады. Оның ішінде «Абай», «Біржан-Сара», «Қыз Жібек» операларын айтуға болады. Бұл аңызға айналған операларда әрдайым керемет, жылдам әрі қарқынды балет сахналары бар. Оған «Алпамысты» да қосуға болады. Былтыр Балнұр Қыдырбектің «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің премьерасы өтті. Ал Үлкен театрда біз «Абайды» қоямыз.