45 градусқа дейін аптап ыстық болады
Шілденің аптабы шегіне жетпегендей. Синоптиктер кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі деп отыр. Ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысының оңтүстігінде тіркелуі мүмкін. Түркістан мен Жамбыл өңіріндегі ыстық та 40 градустан түспейді. Мамандар мұндай аптаптың салдарынан бірнеше өңірде өрт қаупі күшейетінін ескертті. Бір қызығы дәл сол уақытта елдің солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оның соңы дауылға ұласады. Тұрақты ауа-райы тек Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында сақталып тұр.

