Орманды өрттен қорғауға 16,9 млрд теңге бөлінді
Үкімет орман өртінен сақтануға 16,9 млрд теңге бөліп
отыр. Экология министрлігі дерегі бойынша, бұл қаржы техникалық базаларды
толықтыру мен өртті анықтайтын жүйелерді көбейтуге жұмсалмақ. Оған қоса
дрондар, бейнебақылау және байланыс құралдары сатып алынуы тиіс. Жоба «Таза
Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Қазір өртті
анықтаудың 14 платформасы енгізіліген. Олар түтін ауқымы мен температураның
көтерілуін анықтап, жалын туралы ақпаратты автоматты түрде диспетчерлік
қызметке жеткізеді. Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Мұндай ең көп
қаржы Ақмола облысына бөлінген. Өйткені орман қоры ауқымды. Сондай-ақ Алматы,
Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында да
жаңа жүйелер іске қосылуда.

