Қазақстанның түркі тілдес мемлекеттермен сауда-саттығы 53,3% артты

Қазақстанның түркі тілдес мемлекеттермен сауда-саттығы жылдам артуда. Биыл жылдың бірінші тоқсанында   тараптар арасындағы тауар айнылымы 53,3% өсіп,  2,8 млрд  долларды құраған.  Өткен  жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 млрд доллар болған, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігінен. Тараптар алыс беріс көлемін әлі де еселеуге мүдделі. Қазақстан туыс республикаларға құны  588  млн. Доллардан асатын 130 түрлі тауарды экспорттауды көздеп отыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Қайрат Төребаев   Түркі тілдес мемлекеттер Кеңесінің Парламент Ассамблеясымен кездесуінде мәлімдеді.

«Біз металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау, құрылыс тауарлары, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, көлік құралдары салаларының өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар», - деді вице–министр.

Айта кетейік, экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес, биылдан бастап экспорттаушылардың IT-қызметінің шығыны өтеледі. Осылайша шикізаттық емес экпорт ауқымын  1,1 млрд  долларға арттыру көзделіп отыр.