Жаңа зауыттың іргесі қаланды

Жаңаөзенде жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Мұнда мұнай мен газ өндірісіне өте қажетті сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы-штангылар шығатын болады. Жобаға 17 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыттың құрылыс жұмыстарына қазір 150 адам тартылып жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ бүгін мұнайшылар шаһарында спортшыларға арналған орталық та ашылды.