Құрылтай сайлауы: науқан кезеңдері жарияланды
Құрылтай сайлауына дейін бір айдан астам ғана уақыт
қалды. Қазір Орталық сайлау комиссиясы сайлауалды үгіт-насихат ережелерін
бекітуде. Сонымен, ережелер мен талаптар мынадай: 11 шілдеге дейін аумақтық
сайлау комиссияларының құрамы жарияланады. 13 шілдеде партиялық тізімдерді
ұсыну аяқталады. 16 шілдеде учаскелік комиссиялардың құрамы, сайлау
учаскелерінің мекенжайлары бекітіледі. Партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілдеде
тоқтайды. Сөйтіп, партиялардың үгіт-насихат жұмыстары басталады. Ол 22 тамыз
түнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 2 тамызда учаскелік комиссияларға
сайлаушылардың тізімі беріледі. Ал 7 тамыздан бастап қазақстандықтар өз
деректерін базадан тексере алады. 22 тамыз – тыныштық күні. 23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтеді.

