ҚР Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Ақордада ауыс-түйіс. Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Ал бүгінге дейін осы лауазымды атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына  Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады,- деп жазды Президент кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.