Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Президенттер екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың мүмкіндіктерін талқылады. Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де қарастырды. Жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.